Президент мұрағатында ел тарихына қатысты 1 млн астам құжат сақталған
«2022 жылы біздің жұмысымызда түбегейлі өзгерістер болды. ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес жаңа ереже бекітілді, ұйымдық нысаны мен құрылымы өзгертілді, жаңа функциялар мен міндеттер бекітілді. Мұрағатты 2035 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы әзірленді, онда ҚР Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жинақтау, есепке алу, сақтау және пайдалану жөніндегі мекеменің қызметін жаңғырту, мұрағат ісін цифрлық түрлендіру, мұрағат ісі мен құжат жүргізу саласында ғылыми, әдістемелік және үйлестіру орталығы ретінде қалыптасу бағыттары нақтыланған», - дейді Әлия Мұстафина.
Айтуынша, былтыр мұрағатта қолданбалы және ғылыми жобалар орталығы, оқу-әдістемелік орталық және 20 ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ұйымдастырылды.
«Мұрағатта ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығының ашылуымен ел аумағында 20 ғасырдағы саяси қуғын-сүргін құрбандарының құжаттарын сақтауға арналған мамандандырылған қойма пайда болды. Нәтижесі де таң қаларлық: 260 мыңнан астам мұрағаттық істің құжаттары қабылданды, қабылдау әлі де жалғасуда. Мұрағат осы тақырып бойынша әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындауға кірісті, «Amanat» тұлғалар туралы мәліметтер базасы әзірленуде, - деп жалғастырды директордың орынбасары Қайрат Әлімғазинов.
Биыл отандық мұрағатшылар 1998 жылы 22 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 25 жылдығын атап өтуде.
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңның 25 жылдығына орай біз «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» мұрағат марафоны бірыңғай жобаға біріктірілген қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде бірқатар іс-шараларды жоспарладық. Заңның қабылдануы – қазақ мұрағат саласының дамуындағы тарихи кезең. Дәл осы сәттен бастап нормативтік базаны қалыптастыру басталды. 25 жыл ішінде мұрағаттық құжаттарды сақтау және пайдалану ережелері қабылданды, құжаттарды сақтау мерзімдері мен жою тәртібі белгіленді, мемлекеттік және ведомстволық мұрағаттардың жұмысында бірыңғай қағидаттар мен талаптар белгіленді. Заң қабылданғаннан бері оған 40-тан астам өзгерістер мен толықтырулар енгізілді»,- дейді ол.
Архив мамандарының сөзінше, заманауи жағдайларда саланың дамуының негізгі үрдісі - жаңа IT технологияларды енгізу және бұған алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибе дәлел болып отыр.
Бұл бір жағынан мұрағаттар жұмысын ұйымдастыруды және олар көрсететін қызметтерді көрсетуді сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан заманауи талаптарға жауап беретін әдістеме мен шешімдерді әзірлеуде мүлде жаңа міндеттер қояды.
«Тиісінше, заңнамалық базаны жетілдіру қажет, ал өзгерістер стратегиялық, алдын ала есептелген болуы керек. Қазақстандағы мұрағат саласы ұзақ мерзімді стратегиялық құжатты қажет етеді. Біз қазіргі жағдайды түсінуіміз керек, бұл әдіснама мәселелері, IT дағдылары бар жаңа буын кадрларын дайындау және электрондық (цифрлық) ақпараттың қауіпсіздігі мәселелері.
«Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңның 25 жылдығына орай біз «Тарихи құжат – ұрпаққа аманат» мұрағат марафоны бірыңғай жобаға біріктірілген қалалық, республикалық және халықаралық деңгейде бірқатар іс-шараларды жоспарладық»,- деп атап өтті ҚР Президенті архивінің өкілі.
Марафонның басты мақсаты – мүмкіндігінше көп адамға Қазақстан тарихының мұрағаттық мұралары, бірегей және баға жетпес құжаттары туралы білуге мүмкіндік беру.