деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кітаптың 1-ші томы «Н.Назарбаев және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы», 2-ші томы «Н.Назарбаев және Қазақстанның саяси реформалар стратегиясы», 3-ші томы «Н.Назарбаев және Қазақстанның ішкі саясаты» деп аталады. Жинақ «Астана - кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» қоғамдық қорының қаржыландыруымен жарық көріп отыр. Жинаққа Елбасының республикалық жиындарда, мемлекетаралық саммитер мен халықаралық форумдарда және басқа да түрлі басқосуларда сөйлеген сөздері, дәрістері, мақалалары, сұхбаттары топтастырылған.
«19 жыл бұрын біз қазақстандық жолды бастаған кезде жағдай өте күрделі болатын. Қазақстан өткен ғасырдың 90 жылдары жүйелі әлеуметік-экономикалық дағдарысты бастан өткізді. Соның салдарынан өнеркәсіп құлдырап, гиперинфляция орны алды. Экономикалық құрылысты өзгерту халықтың өмір сүру деңгейін күрт төмендетті. Бұл біреуге ұнауы, біреуге ұнамауы мүмкін, бірақ тәуелсіздікті қалыптастыру Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты», дейді ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Болат Сұлтанов.