Президент Н. Назарбаевтың Австрия Республикасына сапарының бағдарламасы
Сапар барысында Қазақстан Президентінің Австрияның жоғарғы басшылығымен, саяси және іскерлік орта өкілдерімен кездесулері, сондай-ақ қазақстан-австрия бизнес-форумының ашылуына қатысуы жоспарланған.
Ауқымды мазмұндылығымен ерекшеленетін ағымдағы ресми екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған. Атап айтқанда, бүгін «Хофбург» сарайында өтетін Елбасының Австрия Республикасының Федералды Президенті Хайнц Фишермен кедесуі барысында алғашқы кезекте аталмыш салалардағы қазақстан-австрия ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағын талқылау көзделеді. Бүдан басқа, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғайтын болады.
«Хофбургтағы» кездесу барысында Президенттердің қатысуымен Қазақстан Респуликасы мен Австрия Республикасы Үкіметінің арасында Жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімге қол қойылады деп жоспарлануда.
Одан әрі сапар бағдарламасы Елбасының Австрия Республикасы Парламентінің Ұлттық кеңесінің президенті Барбара Паммермен кездесуді қарастырады, оның мақсаты - екі елдің парламентаралық байланыстарын одан әрі нығайту.
Сапар барысында сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтың құрамына Австрияның экс- Федералды канцлері Альфред Гузенбауэр, Польшаның экс- Президенті Александр Квасневский, Италияның бұрынғы Премьер-министрі Романо Проди сынды Еуропаның танымал саяси қайраткерлері кіретін Халықаралық консультациялық кеңестің (ХКК) мүшелерімен кездесуі көзделген.
Кездесудің тақырыбы «Жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында Еуропадағы экономикалық ахуал және оның ЕО үшін салдары».
Сейсенбі күні Елбасы Н.Назарбаевтың Австрияның іскерлік ортасының өкілдерімен кездесулері жоспарланған. Оған Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы ғылыми-техникалық инновациялық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі еуропалық сарапшылар қатысатын болады.
Федералды президент Х.Фишермен бірге Австрияның өнеркәсіп компанияларының көрмесінде болып, қазақстан-австрия бизнес-жобаларын қарап шыққаннан кейін, Австрия Экономикалық палатасының президенті Кристоф Ляйтлемен кездесу өтуі тиіс. Оның барысында ҚР мен АР-ның бизнес-қауымдастығы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқынады деп күтілуде. Іскерлік қарым-қатынастарға қосымша серпінді Венада өтетін қазақстан-австрия бизнес-форумы бермек, онда екі ел басшыларының сөз сөйлеуі күтіледі.