Бұл туралы дипломатиялық өкілдіктің баспасөз қызметі мәлім етіп отыр.
Атап айтқанда, ТМД Атқарушы комитетінің кеңесшісі Дмитрий Сущевичтің пікірінше, Қазақстан басшылығының болашақта қарқынды даму үшін жүргізіп отырған саясатын жалпы халық болып қуаттау - бұл шындық.
«Қазақстандықтардың тәуелсіз ел атанғаннан бергі 20 жылда қол жеткізген жетістіктері, ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған алдағы 10 жылдың кең көлемді стратегиялық жоспары әсер қалдырарлық. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың отандастарына арнаған үндеуі билік пен Қазақстан халқы арасындағы сенімнің жоғарғы деңгейде екенін дәлелдейді. Нұрсұлтан Назарбаевтың референдум орнына мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы ұсынысы өте орынды, өйткені Конституция жақсы ниетпен болса да, оп-оңай өзгерте салатын құжат емес! Ал Қазақстан халқы еш күмәнсіз дұрыс шешім қабылдайды! Бауырлас халық - Қазақстан халқына шын жүрегімнен бақыт пен гүлдену тілеймін», - делінген құжатта.