Президент Назарбаев қатысқан «Түнгі студия» хабары бүгін эфирге шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кешеден бері қазақстандықтар Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасының жүргізушілері түскен суретті желіде желдей таратты.

«Түнгі студия» бағдарламасының Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан саны бүгін, 29 қараша күні сағат 23.15-те көрсетіледі.

Анонсты бағдарламаның Инстаграмм желісіндегі аккаунты жүктеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы аптаның басында Мемлекет басшысы «ҚазМедиаОрталығына» барып, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларын қабылдаған болатын.

Бүгін "Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев" @nurlankoyanbayev бағдарламасының қонағы Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев @tungi_studiya 👍🏻

Видео опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy) Ноя 29 2016 в 6:08 PST