Президент: NVIDIA басшысының идеялары біз үшін маңызды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасында жасанды интеллектіні қолдану жөніндегі NVIDIA басшысының ұсыныстарын жоғары бағалады.

Фото: x.com/tokayevkz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады.

NVIDIA басшысы Қазақстанды Physical AI әлемдік хабына айналдыруды ұсынды.

Осыған дейін америкалық NVIDIA технологиялық компаниясы Қазақстанның жасанды интеллектіні дамытуға қажетті есептеу қуатын арттыру бағытындағы жобалар туралы материал жариялады.