Президент өкімімен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне жаңа бас қолбасшы тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Президенттің өкімімен Нұрлан Жанайдарұлы Карбенов ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды.


Соңғы жаңалықтар