Мемлекет басшысының айтуынша, ұзақ мерзімді макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін бюджет саясатын реттеу маңызды.
Былтыр қабылданған Бюджет кодексі мемлекет қаржысын тиімді басқаруға және қаржылық тәртіпті күшейтуге мүмкіндік берген.
– Дегенмен шығындардың жыл санап көбейіп бара жатқанын ескерген жөн. Сол себепті қазына қаржысын жоспарлау және басқару сапасын одан әрі арттыру қажет. Орынсыз, тиімсіз шығындардың алдын алу үшін жасанды интеллект технологиясының мүмкіндігін пайдаланған дұрыс, – деді Президент.
Сондай-ақ мемлекеттік қазына жүйесін толыққанды цифрландыру жұмысын аяқтау қажеттігі айтылды.
– Бюджет қаражатын басқарудың ортақ әдіс-тәсілдерге негізделген, автоматтандырылған жүйесін құру қажет. Үкімет пен Ұлттық Банктен нақты ұсыныстар күтемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін Президент Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды.
Сондай-ақ Қ.Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды.