Бұл туралы ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулин I дәрежелі «Айбын» орденімен, Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Аян Кемпіров III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Забикулин Асқар Серікұлы – азаматтық қорғаныс капитаны
1994 жылы 5 қаңтарда Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында туған.
ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын «Қарақөткел» ӨБ-9 өрт сөндіру постының қарауыл басшысы ретінде бастаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқар жұмыстары қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі лауазымына 2021 жылы тағайындалған.
Кемпіров Аян Алматұлы – азаматтық қорғаныс аға сержанты
1988 жылы 5 мамырда Қостанай қаласында туған.
Қарағанды политехникалық колледжін сарапшы-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 10 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі қызметіне 2021 жылы тағайындалған.
Осыған дейін Астанада көпқабатты үйден өрт шығып, 3 адамның ауруханаға түскенін жаздық.
Сондай-ақ Астанада 3 адамды құтқарған өрт сөндіруші 80% күйікпен жансақтау бөлімінде жатқаны туралы хабарланды.
Осы уақытта зардап шеккен өрт сөндірушілерге қатысты қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Фото: t.me/bort_01