Президент Орталық Азия мен Италия бизнесмендеріне арналған диалог алаңын қосуды ұсынды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда итальяндық сауда үйін ашу керек. Бұл туралы елордада «Орталық Азия — Италия» саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

— Сауда үйлері мен логистикалық орталықтардың ашылуы елдеріміз арасындағы тауар айналымының кеңеюіне елеулі серпін бере алар еді. Осы орайда Алматыда италиялық сауда үйін құру ұсынылады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы бүгінгі саммитке қатысып отырған елдердің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға қатысты ұсыныс айтты. Бұл ретте, B5 (бизнесмендер)+ Италия диалог платформасын іске қосқан жөн. 

— Мұндай форматтағы алғашқы кездесу Қазақстанда өткізуге болады, — деді Президент.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен «Орталық Азия — Италия» алғашқы саммиті өтіп жатыр

Айтулы іс-шараға құрметті меймандардан Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысып отыр