Президент Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

— Қасым-Жомарт Тоқаевқа республикалық референдумды ұйымдастыру және дайындық жұмыстары туралы мәлімет берілді. Президент референдумды өткізу барысында ашықтыққа, заңдылыққа және барлық азаматқа тең жағдай жасау қажет екеніне баса назар аударды, — делінген хабарламада.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдағанын жазған едік.