«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінде айтқан сөздерінен оның елдегі өзекті мәселелерге өте қанық екенін көрдік. Олай болуы заңды да, себебі, ел Президенті болған соң, оған бүкіл еліміз үміт және сеніммен қарап отыр»,- деп атап өтті Ермек Келемсейіт.
Оның айтуынша, Президент жастардың сапалы білім алуына қолжетімділікті арттыру туралы айтқан мәлімдемесі өте маңызды.
«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда шетелдік ЖОО-лардың ашылып жатқанын айтты және 2025 жылға қарай шетелдік беделді университеттердің кем дегенде бес филиалын ашу қажеттігі туралы бастамасы өте орынды. Себебі, біздің жеріміз химиялық элементтерге бай. Батыстан мұнай, газ шығады. Елімізде осы саланы жетілдіріп, толық игеру үшін бізге білімді де білікті жастар, мамандар керек. Ал Президент айтқан шетелдік беделді университет филиалдарын елімізде ашып, онда өз жастарымыз түсіріп, оқытсақ, елімізде ғылым да дамиды, мықты кадрлар да дайын болады деген сөз. Сондықтан Президенттің бұл бастамасы әбден ойластырылып, дұрыс айтылған сөз деп ойлаймын»,-деді спикер.
Сондай-ақ ол Президенттің «ел азаматтарының әл-ауқаты мен әлеуметтік көңіл-күйі мемлекеттің басты және үнемі назарында болуы керек» деген сөзін қолдайтынын білдірді.
«Президент өз мәлімдемесінде елдегі мәселелерді шешу жолдарын жақсы жеткізді. Егер ол айтқан мәселелердің шешу жолдары дұрыс атқарылса, сол мәселелер түбегейлі шешілетін болады деп санаймын», - деді Ермек Келемсейіт.
Фото: ognialatau.kz