Президент «Парыз» гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады

Фото: Фото: Ақорда

Бүгін елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Парыз» сыйлығының гран-приі мен «Алтын сапа» сыйлығының жүлдегерлерін марапаттады, деп хабарлайды Kazinform.

Шағын және орта бизнес кәсіпорындары арасында «Парыз» сыйлығының гран-при Қызылорда облысындағы «Абай Даулет» ЖШС-на берілді.

Ал ірі бизнес саласында бұл жүлде Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнына табысталды.

Фото: Ақорда

Сонымен қатар, «Алтын сапа» сыйылығының «Үздік индустриялық жоба» номинациясы бойынша Қостанай облысының «ДЕП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Үздік инновациялық жоба» аталымында Маңғыстау облысындағы «CleanfieldKazakhstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі марапатталды.

Фото: Kazinform

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент бүгінгі іс-шарада Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән беретінін айтты. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі аясында «Бір ауыл – бір өнім» жобасымен, сондай-ақ «Global Safety», «CleanField Kazakhstan», «Borusan Cat», «Med 365» және тағы да басқа отандық компаниялардың өнімдері қойылған көрмемен танысты.