Экономиканың барлық саласы одан әрі цифрландырыла береді

Искусственный интеллект
Фото: pixabay.com

Қазақстан ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән береді. Бұл туралы бүгін елордада «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

«Қазақстан электронды үкімет пен қаржылық-технологиялық даму индексі бойынша әлемде жетекші орын алады. Жақында ғана ұлттық валютаның инновациялық форматы — цифрлық теңгені іске қостық. Бұл маңызды қадам отандық қаржы жүйесінің дамуына тың серпін беретініне сенімдімін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл тұрғыда Президент елімізде IT сектор қарқынды дамып жатқанын айтты.

«Озық мемлекеттер экономикасындағы бұл саланың үлесі жыл сайын ұлғайып келеді. Былтыр отандық IT индустрия экспорты бес есе өсті. Мен оның көлемін 2026 жылға қарай бір миллиард долларға жеткізу міндетін жүктедім. Біз ірі өнеркәсіптік өндірістен бастап, шағын сервистік жобаларға дейінгі экономиканың барлық саласын одан әрі цифрландыруға баса мән береміз. Бірақ босаңсуға, жетістіктерге тоқмейілсуге болмайды», — деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар
telegram