Президент Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдады

None
АСТАНА. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Бүгін, ақпанның 23-і күні Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің бір топ депутаттарын қабылдады.

Депутаттар кездесу барысында Елбасына өздерінің аймақтарға жасаған сапарлары туралы, онда сайлаушылармен болған кездесулері жайлы әңгімелеп берді. Кездесуден кейін журналистерге сұхбат берген депутаттар, Мемлекет басшысының Жолдаудың жүзеге асырылу барысы мен әлеуметтік-экономикалық саладағы мемлекеттік саясат туралы халықтың үнқатуларына мүдделілік білдіргенін әңгімелеп берді. Кездесуге депутаттар Кенжеғали Сағадиев, Төлебек Қосмамбетов, Светлана Ферхо, Владимир Бобров, Шаухат Өтемісов және Тәңірберген Бердоңғаров қатысты.