«Қазіргі уақытта энергетикалық қауіпсіздік бүкіл әлем үшін өте өзекті мәселе болып отыр. Электр энергиясының жеткілікті көлемі болғанда ғана мемлекеттердің қарыштап дамуы мен тұрақты индустриялық өсу мүмкіндігі болады. Сондықтан, Павлодар-Ертіс өңіріне Қазақстанның экономикалық прогресінде ерекше рөл беріледі», - деді Президент.
Мемлекет басшысы Павлодар облысының еліміздің маңызды индустриялық орталықтарының бірі екенін атап өтті.
«Ресурстар мен электр энергиясының қолжетімділігі, дамыған инфрақұрылым өңірді одан әрі дамыту үшін зор перспективалар ашады», - деді Қ. Тоқаев.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды.