ПРЕЗИДЕНТ: ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ ҮШІН БАЗАЛЫҚ САЛЫҚ СТАВКАСЫН 20 ЕСЕГЕ АРТТЫРУ ҚАЖЕТ
12:39, 20 Желтоқсан 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пайдаланылмай жатқан жер учаскелері үшін базалық салық ставкаларын 20 есеге дейін артыру қажет. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жерді сот арқылы алып қоюдың тиімді және жедел тетіктерін қарастыру маңызды екенін атап өтті