Қасым-Жомарт Тоқаев Краков қаласындағы атыс салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Польша Президенті Кароль Навроцкийге көңіл айтты.
Мемлекет басшысы аталған қастандықты қатаң айыптап, Польша халқына қиын сәтте қолдау білдіретінін, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілеулес екенін жеткізді.
Айта кетелік кеше Краков қаласының орталығында атыс болған еді. Туск Краковтағы атысты теракт деп атады. Краковта 11 қарашаға дейін аза тұту жарияланған еді.