Іс-шараға сондай-ақ Қырғызстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Мұрат Саралинов, Қырғызстанның шайбалы хоккей Федерациясының президенті Ануарбек Оморқанов пен Қырғызстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт жөніндегі Мемлекеттік агенттігінің өкілдері қатысты.
Кездесу аясында қырғызстандық жас мәнерлеп сырғанаушылар мен хоккейшілер өз өнерлерін көрсетті. «Біздің арманымыз орындалды. Қысқы Азиада ойындарының жалпыкомандалық есебінде Қырғызстан құрамасы 27 елдің ішінен 7-орынға ие болды. Премьер-дивизонда жеңімпаз атанған шайбалы хоккей құрамасы мен үшінші орынға табан тіреген допты хоккейден құралған команданы құттықтаймын. Қырғызстан хоккейінің болашағы үлкен боларына сенемін», - деді Қырғызстан басшысы.
Өз кезегінде А.Омарқанов Р.Отынбаеваның 7-қысқы Азиада ойындарының Астанада өткен ашылуы мен хоккей командаларының кездесуіне қатысуы спортшылардың жігерін жанып, рухын көтергендігін атап өтті.