Президент референдумға орай бейнеүндеу жолдайды
14:33, 03 Маусым 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы референдумға байланысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының бейнеүндеуі сағат 16:00-де республикалық телеарналар эфирінен көрсетіледі.