«Билік мемлекетіміздің дамуына, болашағына пайдасы тиетін кез келген оң өзгерістерге дайын. Ұлттық кеңес осындай жұмыста маңызды рөл атқаруы керек», - деді Мемлекет басшысы.
12:51, 20 Желтоқсан 2019
Президент: Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымызға тың серпін беру
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Реформалардың басты мақсаты – даму бағытымыздан ауытқымай, оған тың серпін беру. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.