АСТАНА. KAZINFORM — 18-20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Жапонияға барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында Император Нарухитомен, Премьер-министр Санаэ Такаичимен, сондай-ақ Жапонияның іскерлік орта өкілдерімен кездесу жоспарланған.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады.
Айта кетейік, Жапония әлемдегі алғашқы автономды жолаушылар паромын іске қосты.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.