Президент Республика күніне арналған салтанатты концертке барды

Мемлекет басшысы Республика күніне арналған салтанатты концертке барды, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: Ақорда

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты концертті тамашалады. Мерекелік шара «Астана Опера» театрында өтті", - деп жазды Ақорданың ресми сайты.

Концертте Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айгүл Үлкенбаева, Димаш Құдайберген және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ хореографиялық топтар мен симфониялық оркестр өнер көрсетті.