Президент Руанда Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
15:32, 01 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагамены Руанда Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
– Біз еліңізді Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестеріміздің бірі ретінде қарастырамыз. Бұл тұста, Қазақстан мен Руанда арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген қатынастардың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін ерекше қанағатпен атап өтемін, – деп жазылған жеделхатта.
Айта кетелік Мемлекет басшысы Канаданың генерал-губернаторын құттықтаған еді.