Президенттің Іс басқармасы «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Президенті Іс басқармасының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруды жалғастыра отырып, сенбілікке қатысты.
Іс-шараға орталық аппарат пен ведомствоға қарасты ұйымдардан 200-ден астам қызметкер қатысты.
«Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында ұжым санитариялық тазалау жұмыстарын жүргізіп, Есіл-Нұра арнасы бойындағы аумақты тұрмыстық қоқыстан тазартты.
Барлығы 300-ден астам қап қоқыс жиналды.
Қоршаған ортаға қамқорлық жасау — ПІБ жүйесінің экологиялық коды. Болашақта экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатты аялау, қоғамдық орындардың санитариялық жағдайын жақсарту, азаматтарымыздың серуендеуі мен демалысының жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.
Осыған дейін Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысқанын жазған едік.