Президент Іс басқармасында қалдықтарды бөлек жинау жүйесі енгізіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасында қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатыр.

Фото: Президент Іс басқармасы

Бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында іске асырылып, мемлекеттік мекемелерде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Фото: Президент Іс басқармасы

Қызметкерлер үшін қағазды, пластикті және өзге де қалдықтарды сұрыптауға қолайлы жағдай жасалған. Әкімшілік ғимараттарда арнайы экобокстар орнатылып, қайта өңдеу үшін жиналған шикізат арнайы кәсіпорындарға жіберіледі. 

Фото: Президент Іс басқармасы

Бұл материалдарды қайта айналымға енгізуге және полигондарға жөнелтілетін қалдықтар көлемін азайтуға мүмкіндік береді. 

Фото: Президент Іс басқармасы

Жоба 2026 жылғы 4 мамырда іске қосылды.

Айта елордада көшеге қоқыс тастаған азаматтар 446 миллион теңге айыппұл төлеген