Олардың ішінде ең сұранысқа ие – кардиология, терапия және оториноларингология бөлімі. Былтыр да алдыңғы үш орын дәл осындай ретте болған.
Сонымен қатар тәуліктік стационарда жасалған операциялар саны 6 535-ке жетіп, 2023 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті.
Ақылы қызметтер бойынша 7 ай ішінде оториноларингология мен көз микрохирургиясына сұраныс ең көп болған – 179 пациент. Екінші орында гастроэнтерология, эндокринология бөлімдері тұр (159 пациент). Кардиолог мамандардың көмегіне жүгінгендер саны – 113 адам. Сұранысқа ие қызметтер қатарында кардиоңалту, гинекология, соматикалық бөлім, терапия да бар екенін атап өткен жөн.