Бұл тапмырманы Президент бүгін Астанада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XIII съезінде берді.
«Биылғы жылдың соңына дейін «Самұрық энерго», «Кегок» және «Қазпошта» акционерлік қоғамдарыының акцияларын қор нарығына орналастыруды қамтамасыз ету керек. Ал келесі кезеңде, яғни 2012-2013 жылдары біз қор нарығына «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы», «Қазатомөнеркәсіп» сияқты ұлттық компаниялардың акцияларын орналастыратын боламыз»,-деді Елбасы.