Президент сайлауы: Польшада соңғы онжылдықтағы ең жоғары қатысу тіркелді

Фото: Фото: pexels.com

АСТАНА. KAZINFORM — Польшадағы президент сайлауына қатысу көрсеткіші рекордтық 66,8%-ды құрады, деп жазады ТАСС.

2020 жылы республика басшысын сайлау кезінде бұл көрсеткіш 62,9% болған еді.

Жексенбі күні Польшада өткен президент сайлауында сайлаушылардың қатысуы 66,8%-ды құрап, рекордтық деңгейге жетті. Бұл туралы TVP Info телеарнасы таратқан экзитпол деректері хабарлайды.

2020 жылы Польшадағы президент сайлауына қатысу 62,9% болған, 2015 жылы — 48,96%, ал 2010 жылы — 54,94% шамасында болған.

Польшаның Мемлекеттік сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерінің ресми қорытындысын не 19 мамыр кешке қарай, не 20 мамыр таңертең жариялауды жоспарлап отыр.

Анадолы мәліметінше, Польшада 29 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие. Олар ел бойынша 32 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс береді.

Мемлекет басшысы бес жылдық мерзімге сайланады.

Сауалнамаларға сәйкес, негізгі тартыс Варшава мэрі Рафал Тшасковский мен консервативті «Құқық және әділет» (ПиС) партиясынан ұсынылған Кароль Навроцкий арасында өтеді. Тшасковскийді премьер-министр Дональд Туск басқаратын биліктегі «Азаматтық коалиция» қолдап отыр.

Қазіргі сайлаудың нәтижесі Польшаның саяси бағытына ұзақ мерзімді әсер етеді деп күтіліп отыр, әсіресе бұл Еуропалық Одақпен қарым-қатынас пен ішкі реформалар тұрғысынан маңызды болмақ.

Бұған дейін Польшада 25 мыңнан аса маңызды нысанды суретке түсіруге тыйым салынғанын жаздық.