Президент сайлауы: Б.Естемесов «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат» тақырыбын таңдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия алдында президенттікке өзін-өзі ұсынған Бақтияр Естемесов сынақ тапсыруда.

«Мемлекеттік тілден емтихан тапсыруға Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы деген азамат келіп отыр. 1972 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары. Өзін-өзі ұсынып отыр», - деді үміткерді таныстырған комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

М.Жолдасбеков президенттікке үміткерге сынақтың үш кезеңмен өтетіндігін айтып, оның ережесімен жан-жақты түсіндірді.

Осыдан кейін үміткер Б.Естемесов «Нұрлы ақыл, ыстық қайрат» тақырыбын таңдап, 2 беттік шығарма жазуға кірісті.