«Мен үшiн Қазақстанда болу зор құрмет. Бүгiн бiрқатар сайлау учаскелерiн араладым. Дауыс берген сайлаушылармен сөйлесiп, сайлау учаскелерi мен дауыс беру орындарындағы жағдайды бақыладық. Жалпы, Еуропалық одақ елдерiндегi көптеген сайлаудың барысын бақылаған адам ретінде айтарым, Қазақстандағы сайлау барысы барлық нормаларға жауап бередi. Тіпті, мұнда азаматтар үшін сайлау нағыз мерекеге айналған. Көптеген сайлау учаскелерiнде отбасымен дауыс берiп жатқандар болды», - дедi Р.Гудман.
Оның айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздік жылдарынан бері даму үдерісін жоғары деңгейде атқарып жатыр.