«Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметтің Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахмет Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес деп белгіленсін. Екіншіден, Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметке Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.
ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.