«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 9 маусымда кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы шешімі дер уақытында, еліміздің Конституциясына сай қабылданып отыр. Алдымызда тұрған Президент сайлауы халқымыздың, еліміздің бірлігін, ынтымағын нығайтуға бағытталған үлкен саяси науқан болуы тиіс. Тәуелсіз, демократиялық мемлекеттің азаматы болғаннан кейін бәріміз белсене қатысып, жаңа президентімізді сайлап, Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған үлкен бағытты одан ары іске асыру жолында еңбек етуге тиіспіз», - деді Сұлтан Қалиев.
Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарналар арқылы Қазақстан халқына үндеу арнап, онда еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдағанын жариялаған болатын.
«Қазақстан - демократиялық мемлекет. Президент халықтың таңдауымен сайланады. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін! Бұл - менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни Сіздерге сенемін», - деген еді Қ.Тоқаев.
Фото: mgko.kz