АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия өз жұмысын жалғастырады, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясынан.
Айта кетейік, бүгін лингвистикалық комиссия үміткерлердің барлығынан мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханын аяқтауы тиіс болатын. Алайда, Біржан Жетіруұлы Ділмағамбет пен Асылбек Амантай Хантемірұлы мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау емтиханын тапсырып үлгермей қалды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.