«Бүгін қазақ тілінен емтихан тапсыруға Орталық сайлау комиссиясына Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы келіп отыр. 1959 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары, журналист. Тұрғылықты жері - Алматы қаласы. Өзін-өзі ұсынған. «Жұлдыздар отбасы» журналының редакторы, «Аңыз адам» журналының бас редакторы», - деді кандидатты таныстырған комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.
Комиссия төрағасы емтихан тапсырушыға үш кезеңмен өтетін сынақтың ережесін ежей-тегжейлі түсіндірді.
Осыдан кейін Ж.Қалыбайға «Отты жылдар тағылымы» тақырыбы түсіп, ол екі беттік шығарма жазуға кірісті.