«Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қалыбай Жарылқап Сейдләұлының Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу туралы қаулы жобасын ұсынып отырмын. Қаулы бойынша, біріншіден, Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер Қалыбай Жарылқап Сейдләұлы Қазақстан Республикасы Конституциясының және «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес деп белгіленсін. Екіншіден, Ж.Қалыбайға Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттығын қолдап қол жинау үшін қол қою парақтары берілсін», - деді қаулы жобасын таныстырған ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев.
ҚР ОСК мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.