«Дауыс беру аяқталғаннан кейін учаскелік сайлау комиссиялары 12 сағаттың ішінде дауыстарды санауға міндетті», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Л.Сүлейменнің атап өтуінше, осыдан кейін құжаттар аумақтық сайлау комиссияларына жеткізіліп, әрбір сайлау комиссиясы деңгейінде дауыс берудің алдын ала қорытындысы бойынша сәйкесінше хаттама жасалады.
«Бұл құжаттар Орталық сайлау комиссиясына жеткізілгеннен кейін біз бірден алдын ала қорытындыны шығарамыз. 7 күннің ішінде біз сайлаудың соңғы қорытындысын шығаруға міндеттіміз», - деді комиссия мүшесі.