Президент Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады
15:45, 02 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сбербанктің басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Кездесуде банк саласын дамытудың өзекті мәселелері, қазіргі геосаяси жағдайдың аймақ елдері экономикасына әсері, сондай-ақ қаржы секторында цифрлық шешімдер мен жасанды интеллектіні қолдану перспективасы талқыланды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды.