– Мемлекет өзіңіз сияқты талапты жастарға әрқашан қолдау көрсетеді. Елімізде бұл интеллектуалды ойын түрін жаппай дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Өскелең ұрпақ өздеріңізге қарап бой түзейді. Әрбір жеңістеріңіз оларды жігерлендіреді, – деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға алдағы финалдық сайыстарда сәттілік тіледі.
Айта кетейік, осыған дейін елордалық шахматшы әлем кубогында сенсация жасаған болатын.
Ол шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында өткен Әлем кубогының 1/32 финалында осы уақытқа дейін чемпион болып келген Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетті.