Мемлекет басшысы шаруаларды инвестициялайтын пәрменді тәсіл енгізуді тапсырды

АСТАНА. KAZINFORM – Ауыл шаруашылығының одан әрі қарқынды дамуына барлық күш-жігерді салу қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Фото: gov.kz

Былтыр бұл сала шамамен 6 пайызға өсіп, агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнім көлемі 15 триллион теңгеге жеткен.

Жеңілдетілген шарттармен қаржыландыру көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 1 триллион теңгеден 1,5 триллион теңгеге дейін ұлғайды.

– Дегенмен бөлінген қаражаттың бір бөлігі күнделікті қажеттіліктер мен айналымдағы қаражатты толықтыру үшін жұмсалып отыр. Шаруаларға алдағы жұмысын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік беретін кең ауқымды қаржыландыру жүйесі керек. Сондықтан Үкімет фермерлерді ұзақ мерзімге арналған инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету үшін тиімді әрі пәрменді тәсілдерді енгізуі қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Президент Ұлттық қордың ең басты миссиясын атаған еді.

Ол Балқаш АЭС құрылысын келер жылы бастауды ұсынды.

Сондай-ақ Қ. Тоқаев Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алды.