Мәртебелі орден ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы табысты өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін берілді. Марапатты Қытайдағы төтенше және өкілетті елші Шахрат Нұрышев табыс етті. Ол Қазақстан ұйымға төрағалық еткен кезеңде Хатшылықтың жұмысын сапалы жүргізіп, 2024 жылғы Астана саммитінің табысты өтуіне зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Чжан Мин Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы роліне тоқталып, жоғары деңгейдегі орден үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Сингапурдың Президентін Достық орденімен марапаттаған болатын.