"Мемлекет басшысы Ішкі істер министріне Ақмола облысының Щучье қаласында болған студенттің өліміне қатысты барлық мән-жайды жан-жақты тексеруді тапсырды.
Кінәлілер заң талаптарына сай жауапқа тартылуы керек. Президент бұл мәселені ерекше бақылауға алды", - деп жазды Ақорда әлеуметтік желідегі ресми парақшасына.
Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысында теміржолдан студенттің денесі табылғаны туралы жазған болатынбыз.