АСТАНА.KAZINFORM - Швейцариялық Glencore компаниясының бас директоры Гэри Нейглмен кездесуде жергілікті мазмұнды ұлғайту бойынша ынтымақтастықтың басым бағыттары қарастырылды.
Сонымен қатар тау-кен металлургиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен жобаларды одан әрі жүзеге асыру жоспары талқыланды
Айта кетейік, Glencore «Қазцинк» тау-кен компаниясының акциялар пакетіне иелік етеді. Компания құрамындағы кәсіпорындар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Ұлытау облыстарында орналасқан.
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Citi банктің 30 жылдан аса уақыттан бері еліміздің сенімді серіктесі екенін айтқан.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.