Президент сөгісінен кейін Көлік министрлігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізеді
АСТАНА. KAZINFORM – 20 мамырда Көлік министрлігінде ішкі талдау жұмыстары басталады.
- Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Цифрландыру және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер департаменттерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатыны туралы жұртшылықты хабардар етеді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
14 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті.
Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.
Жиын соңында Президент Көлік министрі Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.