Бұл туралы бүгін Астанада елорданы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалада бірқатар спорт кешендері, теннис орталығы және жаңа стадион салынғанына тоқталған Елбасы, «алайда бұл нысандардағы бағаның жоғары болуынан олардың мүмкіндіктері толық пайдаланылмай жатыр. Мәселен, студенттер «Алатау» және «Қазақстан» спорт кешендеріне бір рет келу үшін орта есеппен алғанда 400 теңге төлейді. Бүкіл әлемде жастар мен студенттер үшін бұл мәселелер арнайы қарастырылады»,-деді.
Президент осы тұрғыда шараларды қазірден бастап қарастыру керектігін қадап айтты.
«Осы орайда балалар мен студенттерге жеңілдіктер болуы тиіс», - деді Елбасы.