«Бүгін мен Мемлекет басшысымен сөйлестім. Президент табиғатқа зиянын тигізген заң бұзушыларға қатысты жауапкершілікті күшейтуді және айыппұл құнын ұлғайту жағын қарастыруды тапсырды. Тек біздің бірлескен күш-жігеріміз ғана еліміздің бірегей табиғи байлығын сақтауға көмектеседі. Сондықтан журналистерге, блогерлерге, экологтарға, қоғам қайраткерлеріне, қоршаған ортамыздың немқұрайлы қарамайтындарға айтарым: барлығымыз бірігіп, өзіміз жол көрсетіп, әрбір қазақстандықты табиғатты құрметтеуге, оған қамқорлық жасауға үйретейік», - деді Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр қазақстандықтарға осындай ұран тастау керектігін жеткізді.