«Төртіншіден әлеуметтік әділеттілікті атынан айлық еңбекақы мен табыстың өзге де түріне қатысты жеке табыс салығының прогрессивті шкаласын енгізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізу керек деп есептеймін. Прогрессивті шкаланың мағынасы – айлығы онша жоғары емес азаматтар бүгінге қарағанда аз төлесе, ал айлығы көп азаматтар үшін салық мөлшері көбейеді», - деді Президент төтенше жағдайды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия отырысында.
Мемлекет басшысы мұндағы мақсат – айлық еңбекақының барынша көп әрі жабық сегментін «көлеңкеден» шығару екенін жеткізді.