Президент таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
23:02, 03 Желтоқсан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.
– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, бұған дейін отандық таеквондошы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.