Президент Tanym көпфункционалды кешенін аралап көрді

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы оқу сыныптарын, хореографиялық залды, коворкинг-орталықты, жасанды интеллектінің инновациялық жүйесі енгізілген жүзу бассейнін, кеме модельдеу шеберханасын, театр өнері студиясы мен спорт залды аралады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл орталық балалар мен жастардың талантын шыңдауға, көшбасшылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесі мен шығармашылық әлеуетін жетілдіруге мүмкіндік береді. 

Фото: Ақорда

Жоба балаларға заманауи білімді, технологияны, мәдениет пен спортты қолжетімді етуге бағытталған. 

Қазір кешенде 100-ден астам жоғары білікті педагог жұмыс істейді. 

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев орталықтың ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесіп, балалар мен жастар шығармашылығын дамытудың маңызына тоқталды. Сонымен қатар ұжым жұмысына табыс тіледі.

Фото: Ақорда

Осыған дейін Президент мектеп құрылысы бойынша мемлекет-жекеменшік серіктестігін жетілдіруді тапсырған болатын.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Акорда