«Макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты іс-шараларға 315,6 млрд теңге бөлінді», - дейді ҚР Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі Берік Шолпанқұлов.
Оның айтуынша, 1 сәуірден бастап бұл қаражат әлеуметтік төлемдерді индекстеуге және валюта бағамының өзгеруіне байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
«Сондай-ақ, азаматтар мен экономиканы қолдауға, оның ішінде Мемлекет басшысының жеке тапсырмаларын орындауға 293,3 млрд теңге бөлу ұсынылып отыр», - дейді ол.